You are here

Жамбыл облысының прокуроры Иманов Ибраһим Әлжанұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокуроры Иманов Ибраһим Әлжанұлы

Иманов Ибраһим Әлжанұлы 18 қаңтар 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Ермоловка ауылында дүниеге келген.

1976 жылы Қазақ Политехникалық институтының тау-кен факультетіне түсіп, аталған институтты 1980 жылы бітіріп, «тау-кен инженері» мамандығы бойынша диплом алған.

1995 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, «құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1978 жылы «Карағандыкөмір» өндірістік бірлестігінде бастап, Жер асты кен орындарында қызмет атқару барысында, комсомол ұйымын басқарған, ЦК ЛКСМ Қазақстан мектебіне оқуға жіберілген. Осыдан кейін, Екібастұз қаласы комсомол комитетінің комсомол құрылысы одағының Штаб бастығы, Екібастұз қалалық атқару комитетінің халықтық бақылау инспекторы, ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, осы бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Коммунистік партияда қызмет атқару барысында мемлекет басшысының «құқықтық мемлекетті құру» талабына сәйкес, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетіне оқуға түскен.

Прокуратура органдарынағы еңбек жолын 1993 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокуратурасында тәлімгерден (стажер) бастаған, Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар облысы Качир ауданының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің бөлім прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау Департаментінің аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаментінің меншік және кәсіпкерлік заңдарының қолданылуына қадағалау жасау бөлімінің аға прокуроры, осы бөлімнің бастығы, Павлодар және Қарағанды облыстары прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры, 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарады.

Прокуратура органдарында қызмет атқару барысындағы мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы  Президентінің 25.08.2005 жылғы №1633 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, 14.12.2005 жылғы Жарлығымен «II-дәрежелі «Даңқ» орденімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 27.12.2005 жылғы №311/6 бұйрығымен «II-дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен, 01.12.2011 жылғы №219/6 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерекелік медалімен,   28.11.2014 жылғы №192/6 бұйрығымен «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 16.01.2015 жылғы №15/6 бұйрығымен «I, II, III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдерімен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының құрметті азаматы.

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың 6 мамырында «3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шені берілген.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.