You are here

Жауапкершілікке тартылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          11.01.2017 жылы аудан прокуратурысымен жер заңнамаларын тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша Меркі ауданының әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс еңгізіліп, қолданылған шаралар туралық ақпаратты 15 күн мерзімінде хабарлау ұсынылған. Аталған ұсыныс аудан әкімінің кеңсесіне 11.01.2017 жылы түсіп, оның орындалуы  аудан әкімі аппаратының персоналды  басқару қызметі бөлімшесінің  басшысы Сураншиев Нургелди Галымжановичке жүктелген.     Қазақтсан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-бабының 2 бөлігінде  ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып, прокурор белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс. Алайда, жауапты орындаушы бола тұра аудан  прокуратурасының 15 күндік мерзімі белгіленген ұсынысын прокурор белгілеген мерзімде қарамаған және одан кейінде аудан прокуратурасына еш-бір ақпарат жолдамаған.  Н.Г.Сураншиев аталған іс-әрекетімен прокурордың ұсынысын қараусыз қалдырып, онда көрсетiлген заң бұзушылықтарды жоюға шара қолданбай, ұсынысқа уақтылы жауап қайтармаған, демек, Н.Г.Сураншиевтың іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 664 бабында  көзделген жауапкершлікке әкеп соғады.  03.02.2017 жылы Меркі аудандық сотымен Н. Сураншиевқа қатысты аудандық прокуратура қозғаған әкімшілік іс қаралып, оның нәтижесімен Н. Сураншиев ҚР ӘҚБтК-нің 664 бабымен кінәлі боп табылып, 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінед айыппұл салынды.

                                                                                   Меркі ауданының прокуроры  С.С.Толеуов

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.