You are here

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын-алу туралы «Мектептерде алдын-алу ПР-акциялардың күнтізбесі» атты жобасы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

             Талас ауданының прокуратурасымен әзірленген «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын-алу туралы «Мектептерде алдын-алу ПР-акциялардың күнтізбесі»» атты жобасын жүзеге асыру барысында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңейтілген мәжіліс өткізілген. Құрамында уәкілетті, құзырлы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділері бар арнайы мобильдік топ және барлық мектебінде «құқық бұрыштамасы» құрылып, онда ақпараттық-полиграфиялық материалдар (буклеттер, плакаттар) ілініп, (терроризм, жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, нашақорлық, маскүнемдік, жасөспірімдердің жүктілігінің зиянды жақтары және т.б. тақырыбында.) жасөспірімдердің назарына жеткізілді, «Қылмыс жасаған жасөспірімдердің өмірі жайлы» фильм дайындалып, оқушыларға көрсету ұйымдастырылуда. Жоба атқару барысында әлеуметтік осал топтағы жалпы 4 154 бала немесе 49% анықталып (оның ішінде 39 бала толық жетім, 384 бала жартылай жетім, яғни ата-анасының біреуі қайтыс болған, 473 бала толық емес отбасыдан, яғни ата-анасы ажырасқан), нәтижесінде ықпал ету актісімен ата-анасының қарауынсыз қалған 7 балаға жәрдемақы тағайындалған, асыраушысы қайтыс болған  2 балаға жәрдемақы алуға құжаттар жинақтауға көмек көрсетілген, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, ата-анасының басқа облысқа кетіп, тәрбиемен айналыспай  қараусыз қалған 31 балаға анықталып, оларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау туралы және ауданның 28 мектептерінде бейнебақылау камера орнату, мектептерде ұялы телефондарды пайдаланбауға қатысты шаралар жүргізу туралы аудан әкіміне ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 28 мектепте бейнебақылау орнату үшін 2017 жылға қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім жасалды.

                                                                                              Талас ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.