You are here

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

     2016 жылдың 28 қыркүйегінде облыс прокуроры Е.М.Сыбанқұловтың төрағалығымен өткен облыстық Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қылмыстық қудалау органдарының жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстармен күресу және оларға тосқауыл қоюға бағытталған профилактикалық жұмысының тиімділігі қаралды. Облыс прокурорымен 2015 жылы жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық құқықтық бұзушылықтар саны 1,6 %, яғни 181-ден 178-ге кемігені байқалса, ағымдағы жылы олар 10,3%, 116-дан 128-ге дейін өскені айтылды. Осыған орай, Үйлестіру кеңесінде облыстық ішкі істер органдарының, әсіресе жергілікті полиция қызметінің профилактикалық жұмысының жеткіліксіздігі мен тиімсіздігіне баса назар аударылды. Жұмыс қорытындысымен жастар арасындағы қылмыстылықты болдырмау, аймақта олардың профилактикасының пәрменділігін арттыруға және қылмыстар санын кемітуге бағытталған бірқатар нақты ұсынымдар мен шешімдер қабылданды. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да тиісті баға беріліп, оларға профилактикалық жұмысты күшейту, құқық қорғау органдарымен жеткілікті қарым-қатынас орнату ұсынылды. Сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылықтың салдары мен оларға көзделетін жауапкершілікті жастардың назарына жеткізу мақсатымен, жүргізіліп жатқан жұмыстарды барынша толық көлемде бұқаралық құралдар арқылы жариялау туралы ұсыным берілді.

Жамбыл облысының прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.