You are here

Қызметкерлер арасында облыстық байқау өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

     2016 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, «100 нақты қадам – ұлт жоспарын» практикада іске асырудың іс-шаралар жоспарының 1-ші «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағытының 89-шы қадамы бойынша прокуратура органдарында мемлекеттік тілді дамытуға байланысты Жамбыл облысы прокуратурасы органдарының қызметкерлері арасында облыстық байқау өтті. Байқауды Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Б.С.Құлтасов құттықтау сөзімен ашып, қатысушы командарларға сәттілік тіледі. Байқауға облыс, қала және аудан прокуратура қызметкерлерінен жасақталған 7 құрама командалар (әр қайсысы – 3 адамнан) сайысқа түсті. Байқаудың мақсаты: облыс прокуратурасы органдары қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мен оқып үйренуге деген ықыласын, қызығушылығын арттыру; мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, күнделікті өмірде, қызметте мемлекеттік тілді қолдануға және мәдениетті сөйлеуге қызығушылықтарын арттыру; мемлекеттік тілді насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қоғамдық өмірдегі әлеуетін арттыру; тілді үйрену үшін қызметкерлерді ынталандыру; тілдік ортаны қалыптастыру және тіл мәдениетіне тәрбиелеу болып табылады. Байқау 4 кезеңнен өтті (таныстыру, «Еліме қызмет етемін» (бейнебаян), «Тәуелсіздік тұғыры биікте». (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мемлекеттің тарихына байланысты сахналық көрініс), мемлекеттік тілде патриоттық ән орындау). Байқау жұмыстары өзіндік даралық, шығармашылық ізденіс, мәселелердің толық талқылануы, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі ерекшеліктерімен бағаланды. Жеңімпаздар әр кезеңде алған бағаларының қорытындысы бойынша анықталды. Жүлделі орындар 1,2,3 орындардан құрылды. Сонымен қатар, патриоттық әнді үздік орындаушы, үздік актерлік шеберлігі үшін, байқаудағы белсенділігі үшін номинациялар берілді. 1-ші орынды 90 бал жинаған Жамбыл облысы прокуратурасы қызметкерлерінен құралған «Жамбыл» командасы иеленді және осы команданың қатысушысы облыс прокуратурасының 4-ші Басқармасының прокуроры Ғани Әлімбекұлы Құрманов сахналық көріністе Б.Момышұлының бейнесін сомадағын үшін «Үздік актерлік шеберлігі» номинациясы бойынша марапатталды. 2-ші орынды 89 бал жинаған Т.Рысқұлов және Меркі аудандары прокуратуралары қызметкерлерінен құралған «Ордабасы» командасы иеленді. 3-ші орынды 85 бал жинаған Сарысу, Талас және Жуалы аудандары прокуратуралары қызметкерлерінен құралған «Сұңқар» командасы иеленді. Осы байқаудағы кезеңдерге «Белсенді қатысқаны үшін» Шу ауданаралық прокуратурасының «Шу қырандары» командасы марапатталды. Мемлекеттік тілдегі «Атамекен» атты патриоттық әнді «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша Қордай ауданы прокуратурасының «Қордай қырандары» командасы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысының прокуратурсы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.