You are here

«Құқықтық Ел» акциясы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

     Талас ауданының прокуратурасының бастамасымен, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Құқықтық Ел» акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамаларға түсінік беру, азаматтардың құқықтарын қорғау, халықтың құқықтық мәдениетін жоғарлату, әр-түрлі себептермен заңды құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтарды анықтау, халыққа сол жерде көмекті жедел көрсету, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу болып табылады. Акцияны өткізудің негізі аудандағы барлық елді-мекенге шығу және халыққа құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу, құқықтық көмек көрсету. Аудандық прокуратурамен арнайы, құрамында жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік кіріс (салық), әділет, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, төтенше жағдайлар, аудандық аурухана, зейнетақы төлеу орталығы, жер қатынастары тағы сол сияқты мекемелердің басшылары мен тәжірибелі мамандардан жасақталған жұмыс тобы құрылып, барлық ауыл тұрғындарымен кездесу жүргізілді. Кездесу барысында әр саланың тәжірибелі мамандарымен ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілді, халықтың көкейкесті мәселелері бойынша сұрақтарына жауаптар беріліп, сол жерде өз шешімдерін тапқан.  Соынмен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында көп балалы, аз қамтылған отбасыларына, барлығы 13 отбасы күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.