You are here

Көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін кiнәлi деп танылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Шу аудандық сотының 2016 жылдың 2 қарашасындағы үкімімен  Даукентегі Дулат Сакенулы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігімен яғни көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін кiнәлi деп танылып, оған осы бап бойынша 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, үкім заңды күшіне енген. 09.09.2016 жылы Д.С.Даукентегі өзіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық орын алғаны бойынша құзырлы органға    Қ.Садықованың ұялы телефоны арқылы «102» нөмеріне қонырау шалып, Мойынқұм АІІБ-нің кезекші бөліміне өзі ойлап тапқан жалған дерек бойынша ауыр қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген. Аталған хабарлама Мойынқұм АІІБ-нің АТК-ның №163156030000644 саанымен 09.09.2016 жылы сағат 22.44-те тіркелген. Д.С.Даукентегі өзіне белгісіз үш тұлға оның қолындағы ақшасын көріп, жерге құлатып ұрып соғып, қалтасындағы 17000 теңгесін тартып алып, қашып кеткендері бойынша арыз парағына арызданған. Аталған арнайы арыз парағында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 419-бабы бойынша ескертіліп, қол қойған. Арыз бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен №1631560310000283 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеп-тексеру барысында арнайы жедел-іздестіру шаралары атқарылып, тексеру мақсатында автокөліктер және азаматтар жеткізіліп сұралған. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған Д.С.Даукантегінен қосымша жауап алу кезінде, ол өзін белгісіз үш тұлға ұрып-соғып, дене жарақатын салып, 17000 теңге ақшасын тартып тонап кеткені бойынша өзі ойлап тапқан жалған оқиға екенін айтқан, яғни Қ.Садықовадан алған ақшасын бермеу үшін құзырлы органға  ауыр қылмыс жасалғаны туралы көрінеу сөз жеткізген. 

                                                                              Мойынқұм ауданының прокуроры Адилов Н.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.