You are here

Кісі өлтіргенге кешірім жоқ.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елімізде заңдылықты сақтау, нығайту,азаматтардың Конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті күшейту өрестетілген.

Осыған сәйкес, заңдылықтың бұзылғанына, қылмыскердің ортаға, қоғамға қарсы жасалған заңсыз әрекетіне көз жұма қарауға болмайды. Әрбір адамның қоғам алдындағы міндеті мен мемлекет алдындағы борышын адал атқару, айта келгенде барлығымыздың міндетіміз және осы адамгершілік қасиеттін оята білу.

Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінсе, 15-ші бабында әркімнің өмір сүруге құқығы бар, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ делінген.

Алайда, біз бүгін сотталушы орындығында отырған Огизбаев Абзал аса ауыр қылмыс жасап, адам өміріне қол сұғып, Д.Кадырмановқа қаза келтірген.

Қылмыстық істің мән-жайына қысқаша тоқталсақ, сотталушы А.Огизбаев 23.08.2016 жылы сағат 16.00 шамасында Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылы, С.Сейфуллин көшесінде орналасқан дүкеннің артқы жағында С.Сейдуакуловты жолықтырып, соңғы оған бірлесіп арақ ішуді ұсынған.

Содан, Огизбаев пен Сейдуакулов екеуі Жарлысу ауылының оңтүстігінде орналасқан сайдың астында отырған Д.Кадырманов пен Г.Итекеевтің жанына барып, төртеуі бірігіп С.Сейдуакуловтың дүкеннен алған арақты ішіп отырған. Осы кезде Огизбаев пен Кадырмановтың екеуінің арасында бұрынғы ерегіс пайда болып, екеуі өзара төбелесіп, жәбірленуші Кадырманов қолымен жұдырықтап Огизбаевтың ауыз тұсынан ұрып, нәтижесінде соңғының тісі сынып үйіне кетіп қалған.

Сол уақытта, А.Огизбаевта адам өлтіру-яғни жәбірленуші Д.Кадырмановты құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату ойы туындап, сағат 19:00 шамасында анықталмаған пышақпен қаруланып, С.Сейфулин көшесінде орналасқан дүкеннің артында отырған Д.Кадырмановқа барған. Осы кезде Кадырманов Огизбаевтің қолындағы пышағын көріп, өз өмірін сақтап қалу мақсатында С.Сейфулин көшесі бойымен қашқан.

Д.Кадырманов қашып бара жатып осы көшенің №46 алдында шалынысып жерге құлап, орнынан тұрмақшы болған кезде, артынан қуып жеткен Огизбаев өзінде болған пышақпен қасақана Д.Кадырмановтің сол жақ санынан бір рет және өмірге маңызды жері –сол жақ кеудесінің артқы бөлігінен екі рет соққы салып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Жәбірленуші Д.Кадырманов алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орында қаза болған.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының  үкімімен ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.

 

 

 

Жамбыл облыстық прокуратурасының

Басқарма аға прокуроры

әділет кеңесшісі

Б.Ш.Ақылбеков

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.