You are here

Қатаң жаза мал ұрлығының алдын-алудың бірден-бір жолы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

    Аудан көлемінде мал ұрлығы қылмысының орын алу себептеріне жүргізілген саралау көрсеткендей малдың бағылмауы, кез-келген жерде жүруі, оларды ұрлауды оңайлатып, қылмыс жасаушыларға мүмкіндік жасауда. Ең алдымен ұрлықтан қыруар шығын мал иесіне, әсіресе табыс көзі тек мал болып табылатын ауыл тұрғындарына шығын келуде. Статистикалық мәліметтерге сай, 80 пайыз ұрланған мал қараусыз жүрген. Мысалы, 2016 жылдың маусым айының ортасында Қызыләуіт ауылдық округінің тұрғыны А.Ибраимов өзінің таныстары Жуалы ауданының «Б» есімді азаматы және Тараз қаласының тұрғыны «М» есімді азаматы, Т.Джангабылов бірге Талас ауданы аумағынан қараусыз жайылып жүрген жәбірленуші Д.Жексенбаевқа тиесілі барлығы 29 бас жылқы малдарын адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы жасырын түрде ұрлаған. Аталған мал ұрлығына бағытталған қылмыстық ойларын жүзеге асыру мақсатында олар өз-ара бөлісіп алған рөлдері бойынша қылмыстық іс-әрекеттерін жасаған. Атап айтқанда, А.Ибраимов Талас ауданы аумағынан қараусыз жайылып жүрген аудан тұрғындарының жылқы малдарын ұрлап, бөгде адамдар аз жүретін жайылымға апару болған. 26.06.2016ж. кешкі сағат 18.00 шамасында Т.Джангабылов өзінің жеке иелігіндегі «Мерседес-Бенц 409» маркалы автокөлігімен «Б» есімді және «М» есімді азаматтармен ұрланған малдарды айдауға арнайы бейімделген айғырларын автокөлігіне артып, «М» есімді азаматты айғырымен Жуалы және Талас аудандарын бөліп тұратын шекараға бөгде адамдардың келіп қалмауын бақылау үшін тастаған. Содан, Талас ауданы, Қаратау қаласының шет аймағында орналасқан «Күл-қоқыс» тастайтын жерге келген, ол жерде А.Ибраимов жәбірленуші Д.Жексенбаевқа тиесілі 29 бас жылқыларын айдап әкеліп, күтіп тұрған. Әрі қарай, А.Ибраимов және «Б» есімді азамат екеуі өздерінің ерттелген айғырларымен 29 бас жылқыларды Талас және Жуалы аудандарын бөліп тұратын шекараға дейін айдап келген, ол жерден 29-бас жылқыларды Жуалы ауданына қарай айдап кеткен. Олардың қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленуші Д.Жексенбаевқа 5 500 000 теңгеге мүліктік залал келтіріп, 29 бас жылқыларды сатып, түскен ақшаны өз пайдаларына жаратқан. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының және тергеу кезінде ұсталып, қамауға алынған. Ал, «Б» және «М» есімді азаматтарға іздеуге жарияланған. А.Ибраимов пен Т.Джангабыловтың ісі сотқа жолданып, жәбірленушінің кешіріп, босатуды сұрағанына қарамастан бас бостандығынан айырып, жалпы режимдегі түзеу колониясына жаза өтеуге сотты болды. Мүмкіндікті пайдалана отыра, мал иелерінің назары өз жағынан малды қарауға, бағуға, түн мезгілінде қамап ұстауға бағытталған шаралар қолдануға, яғни оларды жоғалудан, ұрланудан сақтауға көңіл бөлу қажеттігіне аударылады.

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.