You are here

Ернат Сыбанқұлов, Жамбыл облысының прокуроры: «Ел мен Елбасы сенімін ақтауға тырысамыз».

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ернат Сыбанқұлов, Жамбыл облысының прокуроры: «Ел мен Елбасы сенімін ақтауға тырысамыз». - 145000137

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Жеңістің 72 жылдық мерейтойы қарсаңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүрге сай, әскер, құқық қорғау және қауіпсіздік саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар мен жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыстады. Осы салтанатты жиында арнайы шен алғандар сабында Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов мырза да болды. Ернат Мұхамбетқалиұлымен аз-кем сұқбат құрудың реті түскен еді.

         Ернат Мұхаметқалиұлы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шеніңіз құтты болсын. Бұл өңір прокуратурасы жасап жатқан жұмысқа берілген лайықты баға болар.

         Ниетіңізге рахмет. Расында, ең алдымен, Ел басының қолынан мемлекеттік әділет кеңесшісінің шенін алу – үлкен жауапкершілік жүктейді. Елбасының елге қызмет етсін деп берген сенімін, сондай-ақ елдің үмітін ақтауға тырысамыз. Екінші жағынан, бұл бір өзімнің ғана емес, облысымыздағы прокуратура саласы қызметкерлерінің еңбегінің еленуі деп білемін.

         Соңғы уақытта Бас прокуратурадан бастап,облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі прокуратура органдарының қызметінде белсенділік байқалады. Жамбыл облысының прокуратурасы қандай шаруа атқаруда?

         Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі – бұл заң талаптарының орындалуын қадағалау мен азаматтардың құқықтарының қорғалуы. Бұл бағытта біз жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірігіп, тиісті жұмысымызды жалғастырып келеміз.

         Кәсіпкерлер құқығын қорғау да – басты жұмыс бағыттарының бірі. Мысалы, жергілікті полиция қызметі кәсіпкерлерді олардың қауіпсіздігі үшін сигнализация мен бақылау камераларын орнату туралы жұмыстар жүргізген. Алайда, кейбір жағдайда бұл ұсыныс емес, кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеру шарасына айналып кеткен.         Прокуратура жалпы саны 622 кәсіпкерлерді заңсыз тексеру фактісін анықтады. 

         Сондай-ақ, жақында облыстық прокуратура бастамасымен Тараз жер-ақпараттық жүйесін іске қостық. 2000-нан аса кәсіпкер арасында сауалнама жасағанымызда, олардың 40%-ы «мемлекет тарапынан саудаға не аукционға қойылған жер үлестері бойынша қандай да бір сенімді ақпаратым жоқ» деп жауап берген. Енді www.zis-taraz.kzплатформасы арқылы азаматтар кәсіпкерлік мақсатта сатылатын не жалға берілетін жерлер туралы ашық ақпаратты ала алады. Бұл да болса, ашықтықты арттыру мен бюрократияны азайтуға қосқан үлесіміз деп білемін. 

         «Жамбыл облыстық прокуратурасы алимент төлемейтін ата-аналармен қатал күреске көшті» деп жазды республикалық басылымдар...

         Иә, бұл мәселе тек біздің облыста ғана емес, республиканың барлық өңіріндегі әріптестеріміз қолға алып жатқан шаралар. Облыста сот орындаушыларының қолында 880 миллион теңге қарызды құрайтын 12 мыңнан аса алимент өтеу құжаты жүр.

         Өткен жылдан бері жүзге тарта борышқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жартысы қамауға алынды, жетеуіне қатысты қылмыстық жауапкершілік тағайындалды. Біз қазір алимент төлемейтіндерге қатысты көлік жүргізу құқығынан айыру тәжірибесін қолдана бастадық, бірден нәтиже бере бастады.  Дегенмен, мәселе тек алимент өндіріп алуда ғана емес, мәселе кешенді қарауды талап етеді.

         Мәселен, кейбір борышқорлар жұмыссыздығына, денсаулығына байланысты алимент төлей алмай жүруі мүмкін. Біз осы жағынан да  жұмыспен қамту орталығымен келісе отырып, өткен жылы 200 адамның жұмысқа тұруына, сол арқылы алимент қарыздарынан құтылуына жәрдемдестік. 

         Биыл Қарулы күштеріміздің атаулы 25 жылдық мерейтойы. Алдымызда Жеңістің 72 жылдық мерекесі. Оқырмандарымызға қандай тілек айтасыз?

         Ең алдымен, соғыс көрген, тылда еңбек еткен ардагер аталарымыз, ардақты әжелерімізді Жеңіс мерекесімен құттықтағым келеді. Біз кейде осындай тыныш күннің қадіріне жете бермеуіміз мүмкін, бірақ от пен оқтың ортасынан келген, «бәрі де – майдан үшін, бәрі де – жеңіс үшін» деген ұранмен барлық күш-жігерін еңбекке салған ата-әжелеріміз бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Ата-әжелері соғыс көрген ұрпақ ретінде біздің ендігі міндетіміз – олардың ерлігін тану, білу, бізден кейінгі ұрпаққа қалдыру болса керек. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан қарияларымыз қамқорлыққа лайық. Ұрпаққа, жас буынға үлгі. Сондай-ақ, әскер сабында азаматтық борышын өтеп жүрген жігіттердің де намысы биік, рухы асқақ болуын тілеймін. Еліміздің армиясы айбынды, қарулы күштері қуатты бола берсін.

 

         Сұхбатыңызға рахмет, жетістіктерге жете беріңіз

 

         Рахмет сізге, бұқаралық ақпарат құралдарымен біріге елімізге әлі талай дұрыс жұмыс атқаратынымызға сенімдімін. 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.