You are here

Азаматтардың өмірін қалай жаксырақ және қатерсіз етеміз?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Діни экстремизм, азаматтардың мүліктерін ұрлау, түрме халықтарының артқаны, бұрын сотталғандардың еліміздің өнегелі азаматтарының қатарына қайтып оралуы үмітінің жоқтығы туралы мәселелер бүгінгі таңда қоғамда талқыда жүрген көкейкесті тақырыптардың бірі болып саналады. Бұл мәселелерді қалай шешеміз?

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасының органдарымен осы бағытта жасалған жұмысы жағдайға оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

Мысалы, осы күнге облыстың 23 тұрғыны шетелдік діни оқу мекемелерінде, дінге деген көзқарастары дәстүрге жат елдерде білім алады, олардың отанға оралуымен қатар осы теріс ойлардың тарап кету қауіпі бар.

Сондықтан, а.ж. 2-ші жарты жылдығында облыс прокуратурасымен «Жастар және дін» жобасының аясында шет елдерден 11 білімгер қайтарылды, елімізде дәстүрлі емес дін ағымдарының тарап кету тәуекелін азайту мақсатында кейбіреуіне теология оқу орындарында білім алу мүмкіндігі ұсынылды, ал басқараларына жұмыс берілді.

Көпшілікке мәлім, бір қылмыс жасаған адам, босанып, қайта қылмысқа барады, оған негізгі себептердің бірі жұмыссыздықтың әсері.

Кейінгі үш жылда бұрын сотты болғандармен 99 қылмыс, 120-дан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған, түрмелерге 198 тұлға қайтарылды, ал оны алдын-алуға болар еді.

Осыған облыс прокуратурасымен «Төленетін еңбек – әлеуметтендірудің табысты кепілі» жобасын жүзеге асыруда түрмелерден босатылған 270-тен астам тұлға жұмыспен қамтылды, нәтижесінде қоғамның лайықты мүшесі болуға үміттері оянды.

Қылмысты қайталап жасауды болдырмау, сонымен қатар, түрме халқын азайту жолында сәтті қадамдардың бірі ретінде кепілгерлік жаңа институтының қолданысқа енуі болды. Мұның мақсаты – қылмыс жасаған тұлғаның түрмеге отырмай, кепілдікке шығару, алайда бұл жаңалық бүгінгі таңда қарқынды жүзеге аспай тұр.

Сондықтан, «Кепілгерлік – жаңа институтын жүзеге асыру арқылы жаңа қылмыстардың жасалуын алдын-алу» жобасының аясында алғаш рет прокуратура мен сот бірлесіп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Б.Еламанға қатысты, кепілгерлікті қолданды. Оның туған әкесі, баласының бостандықтағы мінез-құлқына жауапкершілік алуға келісіп, 848 мың 400 теңге көлемінде кепіл сомасын төледі (кепілгерлікті бұзған жағдайда бұл сома мемлекет пайдасына өндіріледі).

«Қылмыстық қол сұгушылықтан мүлкімізді сақтайық» жобасын іске асыруда прокуратура органдарының басты міндетінің бірі ретінде азаматтарды ұрлықтан сақтау болды. Жүзеге асыруда прокурорлармен халықтың арасында, барлық елді мекен тұрғындарымен кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, ұрлық пен мал ұрлығының 4,4%-ға төмендеуі қамтамасыз етілді.

Жамбыл облысы прокуроры Ернат Сыбанқұлов 2016 жылдың 25 қарашасында өткен облыс прокуратурасының алқа кеңесінде аталған жобалардың жүзеге асырылуы облыстың қоғамдық-саяси жағдайының жақсаруына елеулі әсерін тигізетінін, осы бағыттағы жұмыстар жақсы нәтижеге қол жеткізгенше өз жалғасын табатынын атап айтты.

 

Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.