You are here

Алаяқтық іс-әрекеттерден сақтаныңыздар.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

     Соңғы жылдары тұрғындар арасында алаяқтық іс-әрекеттер жыл өте арта түсуде. Қылмыстың қай-қай түрінің де астары терең, оның ішінде, алаяқтық қылмысы, қылмыстың осы түрінен жапа шеккен жәбірленушілерге ғана емес, өркениеттілікке бағытталған ұлтымыздың мүддесі үшін, жалпы қоғамымызға қауіпті құбылыс. Онымен күресу барлығымыздың міндетіміз болса да, ел тұрғындары алаяқтардың сұмпайы әрекеттерін әшкерілейтін қаншама түсірілімдер теледидардан көрсетілсе де, азаматтардың алаяқтардың арық уәделері мен сылдырлаған құр сөздеріне иланып, бар жиған-тергенін солардың қолдарына ұстатып, кейін алақан сипап қалатындығы әлі де болса кездесіп жатады. 2012-2015 жылдар аралығында «М» есімді азамат Қаратау қаласының бірнеше тұрғындарын /жәбірленушілердің/ сеніміне қиянат жасау, алдау арқылы бас пайдасына иемдену мақсатында құжаттарды, тұрғын үйлерінің құжаттарын және тағы басқа да құжаттарын рәсімдеп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен қаражаттарын алып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Осы аталған дерек бойынша аудандық ІІБ-мен қылмыстық Кодексінің алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, негізінен қарау үшін аудандық сотқа жолданған. Сот барысында, сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өндіруге уәде беріп, сотталушының қылмыстық іс-әрекеті сотта толық дәлелін тапты. Аудандық соттың үкімімен сотталушы «М» есімді азамат қылмыстық Кодексінің 190 бабы 2 бөлігімен яғни, бірнеше рет жасалған алаяқтық іс-әрекет үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болды. Азаматтарымыз көзсіз сене салатын аңқаулықтан арылып, әр нәрсеге секеммен қарауға үйренсе, сол арқылы өз құқығын қорғауға машықтанар еді. Сөз соңында, тұрғындарға алаяқтардың жұмысқа орналастыру, үй алу және тағы осы сынды әдемі құр уәделерінен сақтануды ескерте отырып, қандай да болмасын келісім-шарт жасасқанда заңдылықтың сақталуына аса мән берулерін ұсынамыз.

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.