You are here

Жамбыл облысының прокурорлары ардагерлерді құттықтады.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

      Жамбыл облысының прокурорлары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығының құрметіне орай Жамбыл облысыны соғыс ардагерлерін құттықтап қайтты. Олардың әрбірі орасан зор сый-құрметке лайық, әрқайсысы тұтқиылдан келген жауға қарсы тік тұрып, кеудесін кере Отанымызды қорғап қалды, - деді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов, Ұлы Отан шайқасы әрбір қазақстандықты бей-жай қалдырмады, қаншама жылдар өтсе де біздің ата-бабаларымыз ұмытылмақ емес және олардың ерен еңбектері ел есінде қала береді.   Рыспанбетов Қыбырай 1921 жылы туылған соғыс ардагері шайқаста ерен еңбегімен көзге түсіп, Ленинград түбіндегі шайқаста жеңіске қол жеткізіп, қазіргі таңда Тараз қаласында отбасымен тұрып жатыр. Қыбырай ата 1942 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылы жеңіспен оралды. 1 және 2 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ленингорад қорғанысы үшін», «Германия түбіндегі Жеңісі үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталды. Соғыстан келгеннен кейін де Қыбырай ата өз отанының игілігі  үшін аянып қалмай, ауыл шаруашылығын көтеруге белсене аралсты. 3 мамыр күні облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов Қыбырай атаны Жеңіс күнімен құттықтап қайтты, ардагер де прокурорға өз алғысын білдіріп жатты.      Соғыс ардагеріне бағалы сыйлықтар тарту етілді, сонымен қатар оның ішінде ЭКСПО-2017-ге 2 шақыру билеті тапсырылды. Қыбырай ата, Астанаға барып, еліміздің жетістіктерін өз көзіңізбен көріп қайтуға денсаулығыңыз жетеді деп сенеміз. Қазақстан мен басқа елдердің жетістікке жетуіне Сіздің және басқа соғыс ардагерлерінің қосқан үлесі шексіз деп білеміз, - деді облыс прокуроры, Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан ел есінде, біздің еліміздің өсіп-өркендеуі Сіздердің арқаларыңыз. Сондай-ақ облыстың басқа аудандарының соғыс ардагерлерін прокурорлар құттықтап, бағалы сыйлықтар тарту етіп, әлеуметтік, медициналық және заң жүзінде де көмек көрсетілді. Мойынқұм ауданының прокуратура қызметкерлері соғыс ардагері Абдиров Сағаштың да қаһармандық ерліктерін біліп қайтты, Абдиров Сағаш «Жеңіс», «Ұлы Отан соғысы», ордендерімен, «Кавказ қорғанысы» медалімен және басқа да наградалармен марапатталған. Соғыстан кейін де Сағаш ата да ұстаздық етіп, кейінірек мектеп директоры, ауылдық Кеңес төрағасы, Шығанақ ауылының ақсақалдар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Сағаш ата өзінің 10 перзенті мен 30 немересінің, 33 шөбересінің және бір шөпшегінің арасында бақытты да ұзақ ғұмыр кешуде. Біздің ардагерлеріміз тек шайқас алаңында ғана емес, соғыстан кейін де лайықты сый-құрметке бөленіп, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуде. Облыс прокуроры ардагерлерге, олардың жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуді тұрақты негізде жалғастыру, қажеттіліктеріне баса назар аударып отыру туралы тапсырма берді. Ата-абабаларымыздың қасық қаны мен маңдай терлерімен келген Ұлы Жеңіс ұмытылмақ емес, біз оларды Жеңіс күндері ғана емес, жүрегімізде мәңгі сақтап, ашық аспан астында бейбіт өмір сүргеніміз үшін алғыс білдіруіміз қажет, -  деді  облыс прокуроры.

Жамбыл облысы прокуратурасының  баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.