You are here

Жамбыл облысында алимент төлемеушілерге қатаң шара қолдана бастады.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Тұрмыстық жағдайда толық емес отбасының балалары, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда олардың жағдайы көбіне төмен деңгейде екендігін аңғаруға болады. Бұдан асқан өзекті мәселе бар ма. Бұдан сорақысы, олармен бірге тұрмайтын әкесі немесе анасы, алимент төлеуден жалтарып жүргендігін атап айтсақ болады. Заң ата-аналардың өз балалаларын қамтамасыз етуден босатқан жоқ, олармен бірге тұрмаса да жауапкершіліктен құтылмайды, себебі ата-аналық парыз да заңнама да осыны меңзейді және міндеттейді. Кәзіргі уақытта облыстағы сот орындаушылардың орындауында алимент өндіру бойынша 12 337 атқару өндірістері бар, олардың қарыз соммасы 880 млн. теңгеден асатындығын айтып кеткен жөн. Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуы бойынша бұл өте күрделі мәселе болып тұр. Сондықтан, Жамбыл облысының прокуратурасы бұл салада қадағалауды күшейтіп, борышкерлерге қатысты қатаң шаралардың қабылдануына басты назар аударуда. Өткен жылдан бері алимент бойынша борышкерлердің 91-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, оның 55-і қамаққа алынып, 36-ы айыппұл төлеген, 7 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 175-і көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Мысалы, 08.11.2016ж. сот шешімін ұзақ орындамаған, берешек қарызы 2 млн. теңгеден асатын борышкер Б.Ибраевқа қатысты ҚР ҚК-нің 139 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Сот қылмыстық істі қарау барысында борышкер өзінің кәмелетке толмаған балаларына қаражат тауып, қарызын өтегеніне байланысты, медиация тәртібімен іс өндірістен қысқартылған. Алимент қарыздары 700 мың теңгеден асатын И.Жұмабаевқа қатысты Мерке аудандық соты 19.04.2017 жылғы қаулысымен оны 3 тәулікке қамаққа алған.. Бұдан бөлек, осы ауданның сотының шешімімен А.Васильжанов қамаққа, онымен қоса көлік құралдарын басқару құқығынан да айырылды. Облыс прокуроры атап өткендей, борышкерлердің көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру тиімді тәсіл болып табылады, себебі олар бұл тұрғыда көлік жүргізу куәліктері үшін өзінің кәмелетке толмаған балаларына қысқа мерзім ішінде қаражат тауып, қарызды толық көлемде өтеуге барынша үлестерін қосады. Әрине, өздерінің тұрмыс жағдайлары төмен болып табылатын адал борышкерлер де бар. Оларға қатысты облыс прокуратурасы тұрмыс жағдайларын және жұмыссыздықтарын ескеріп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 195 борышкерлерді жұмыспен қамтып, кәмелетке толмаған балалары үшін алименттің өндірілуіне ықпал жасады. Әлі де 873 борышкерлер жұмысқа орналасу кезегін күтуде - деп облыс прокуроры қосып өтті.   Борышкерлердің жұмысқа орналасып, алимент қарыздарын жабуы тиімді әсер тигізді. Осыған байланысты бұл жұмыс өзнінің жалғасын табады. Атап айту керек, кәзіргі уақытта борышкерлердің дүние-мүліктеріне жедел түрде тыйым салынуда, яғни қарызды дер кезінде төлеуге шара қарастырмаса немесе белгіленген қаражатты таппаса, олардың иелігіндегі үй, пәтер, автокөліктері де тәркіленеді. Сонымен қатар, борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынып,  халыққа қызмет көрсету орталықтарында мекен-жайы туралы, дүние-мүлкі туралы ақпаратты алу құқығынан айырырлады. Біз адал борышкерлерге көмектесуге дайынбыз, бастысы олардың талпынысы мен кәмелетке толмаған балаларына деген ата-аналық сезімі, ал алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты қатаң шара қолданылады. Біздің басты мақсатымыз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдерге тиесілі қаражатпен қамтамасыз ету – деп облыс прокуроры сөзінің соңын тұжырымдады.

Жамбыл облысының прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.