You are here

Жамбыл облысы прокуратурасының 2016 жылғы жұмыс қорытындысы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        01.02.2017 жылы Жамбыл облысы прокуратурасымен 2016 жылғы жұмысы қорытындыланды. Облыс прокуроры Сыбанқұлов Ернат өз сөзінде өткен жылы прокурорлармен мемлекет бюджетіне бір миллиард теңге қайтарылғаны, прокурорлардың араласуымен 3 миллиард теңге көлемінде бюджет жоғалуының алды алынып, көлеңкелі айналымнан 400 млн. теңге бюджетке қайтарылғаны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, атқарушылық құжаттар бойынша 346 млн. теңге көлемінде қаражат мемлекет пайдасына өндірілген. Шамамен 13 мың жұмыскер өздеріне тиесілі 849 млн. теңге көлемінде жалақыларын алды. Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижесімен 22 мың балаға білім беру қызметін көрсететін 44 қалалық мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ата-ана төлемінің тарифы 10 500-ден 8 500 теңгеге азайтылды. Сонымен қатар, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 11,3% төмендеді. Күзетпен ұстаудың орнына кепілді жиі қолдана бастады. Қылмыстық қудалау органдарының қызметтік орындарына заңсыз жеткізілетін тұлғалардың саны айтарлықтай азайды (52-ден 7-ге). Бас бостандығынан айыру орындарында сатталғандардың 75 %-ы жұмыспен қамтылған, сондай-ақ, босатылғандардың 88 пайызы жұмыспен қамтылып, олардың қайта қылмыстық жолға түсуінің алды алынды.   Қабылданған шаралар қорытындысымен ұйымдасқан қылмыстық топтардың 17 өкілі, оның ішінде 5-і жетекші қылмыстық жауапкершілікке тартылды Әлеуметтік маңызды бірнеше жобалар іске асырылып, қорытындысымен «тәуекел мемлекеттердің» шетелдік теологиялық оқу орындарынан 11 студент қайтарылды, Қазақстанда негізсіз жәрдемақы мен зейнетақы алып жүрген шетелдіктердің 90-нан астам қос азаматтық фактілері анықталды. 7-і ірі кәсіпорын жабылуының алды алынды, алғаш рет Республикада онша ауыр емес қылмыс жасаған тұлғаларға кепілгерлік қолданыла бастады. Алқа отырысын қорынтындылай келе, облыс прокуроры 2017 жылы прокурорлардың жұмысы заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, соның ішінде 31.01.2017 жылы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды толық орындауға бағытталу қажет. Қазіргі таңда Бас прокуратура басшылығымен прокуратура органдарының жұмысын жақсарту мақсатында жеке мінез-құлыққа, адамдардың проблемаларына терең үңіле отырып, халықпен жұмыс істеу әдісіне көңіл бөлу бойынша алдын-алу шаралары қабылдануда.

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.