You are here

Әрбір өз құқықтарын білу қажет!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

      Соңғы жылдары облысымызда және еліміздің барлық өңірлерінде ұялы телефон ұрлығы күрт өскен. Көп жағдайларда олар ашылмауда. Осы қылмыс түрімен күресуде ұрланған мобильді телефондарды ІМЕІ-коды арқылы өшіру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті мен Тергеу департаменті – бір жағынан және «Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-сервис» ЖШС және «Алтел» АҚ-ның байланыс операторлары арасында 19.04.2016 жылы Меморандум түзілді. Бұл Меморандумның мақсаты ұрланған мобильдік абоненттердің жұмысын оның иесінің келісімімен сәйкестендіру коды бойынша тоқтату арқылы қылмыстарды ашуға және жеке меншікке қарсы қылмыстардың жасалуына жол бермеу. Ішкі істер органдары ұялы телефон ұрлығы бойынша адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарған кезде оған Ұялы байланыс операторларының мекен-жайына ұрланған мобильдік құрылғының жұмысын ІМЕІ-коды бойынша тоқтату туралы өтінішпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндеттенген. Осындай арызды өзінің ұялы телефонын ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген ішкі істер органдарына беріп жібере алады. Мобильдік абоненттік құрылғының жымқырылуы туралы өтінішті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркегеннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң оны анықтамаған жағдайда мобильдік абоненттік құрылғыны тоқтату туралы жәбірленушінің арызын ішкі істер органы   операторлардың мекен-жайына бағыттау қажет. Мобильдік абоненттік құрылғыны уақытша тоқтату (бұғаттау) мерзімін арыз иесі өзі белгілейтінін назарларыңызға саламыз.

Облыс прокуратурасының 2-ші басқармасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.