You are here

Облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       27.07.2016 жылы Жамбыл облысының прокуроры Е.М.Сыбанқұловтың  төрағалық етуімен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыс қорытындысы айтылып, алға қойылған бірінші кезектегі міндеттер белгіленді. Алқаның жұмысында облыс прокуратурасы жанындағы Консультативтік Кеңестің мүшелері, облыстық және аудандық буындағы шұғыл қызметкерлер қатысты. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмалары, азаматтардың, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінің және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар, бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы қадағалау қызметінің басым бағыттары болып табылды. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлармен 58 мыңға жуық азаматтың, оның ішінде 29 мыңнан астам балалардың конституциялық құқықтары қорғалып, мемлекеттік бюджетке 761 млн. теңгеден аса қаржы өндірілді.  Мемлекеттік жер қорына кадастрлық құны 182 млн. теңгеге бағаланған жер телімі қайтарылды, мемлекет бюджетінен 3,2 млрд. теңгенің негізсіз қаржыландырылуына жол берілмеді. 10 163 жұмысшыларға 665,1 млн. теңге еңбек ақы қарыздары өтелді. Қадағалаудың негізгі бағыттары бойынша мүдделі уәкілетті органдармен бірігіп бір қатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Қылмыстылық жағдай тұрақтанып, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 9 пайызға кеміді. Адамға бұлтартпау шарасы ретінде кепіл  қолданылып, оның көрсеткіші де, үлес салмағы да 66,1%-ға артты (былтыр – 36% болған). Заңсыз жеткізілгендер саны 3 есе кемісе (былтыр 21 болса биыл 7). Жедел-іздестіру қызметін заңдылығын қадағалау барысында қылмыстық топтардың 11 өкілі ұсталып, оның ішінде 4-уі ұйымдасқан топты басқарушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 21 заңсыз сот актілеріне наразылықтар енгізу нәтижесінде 786 млн. теңгеге жуық мемлекетке келтірілетін шығынның алды алынды.  Әкімшілік жауапкершілікке 5 мыңнан астам құқық бұзушылар тартылып, оларға 84,4 млн. теңге айыппұл салынды. Атқару парақтары бойынша мемлекет пайдасына 346 млн. астам теңге өндірілді. Апелляциялық наразылықпен 21 үкімдер заңдастырылды. Облыс прокуратурасының басшылығымен ауылдық өңірлерге шығу арқылы 1690 азамат жеке қабылданды. Алқа жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры қадағалау қызметінде орын алған жеке кемшіліктерге тоқталып, Елбасы мен Бас прокурордың тапсырмаларын бұлжытпай орындауға бағытталған нақты шаралардың қабылдануы қажеттілігі тапсырылды. 

Жамбыл облысы прокуратурасының Аппараты

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.