You are here

Кезекті алқа мәжілісі өткізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       2016 жылдың 29 қарашасында облыс прокурорының м.а. Б.С.Құлтасовтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінің кезекті отырысында 2015 жылы және 2016 жылдың 9 айында сотқа дейінгі тергеу мерзімдері үзілген қылмыстық істерге және олардың ашылуына бағытталған жедел іздестіру шараларының тиімділігіне аса назар аудару арқылы ауыр және аса ауыр қылмыстық істердің тергелу сапасы мен заңдылығының сақталуына және 2015 жылғы және 2016 жылдың өткен мерзіміндегі сот орындаушылар қызметінде әкімшілік айыппұлдарды өндіру туралы атқару құжаттарының орындалуы заңдылығына жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды. Облыс прокурорының міндетін атқарушысымен, кейбір аса ауыр, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың кемуіне қарамастан, оларды тергеп тексерудің сапасы мен ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларының тиімдігі әлі де болса өз дәрежесінде емес екендігі атап өтілді.  Ведомстволық бақылаудың әлсіреуіне байланысты және тергеушілердің өз қызметтік міндеттерін дұрыс атқармауынан прокурорлармен көптеген қылмыстық істер қайта тергеуге қайтарылған, ашылмаған қылмыстар бойынша жедел тіркеу істерін арнамау әлі де тиылмай отыр, қылмыстарды ашуға бағытталған ЖІШ-ы, тергеушілер мен криминалдық полицияның өзара қарым қатынасы да сын көтермейіні алқада айтылды. Алқа мәжілісінде прокурорларға және ішкі істер органдарына алдағы уақытта көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмауға, осы бағыттағы бірлескен іс шаралардың, прокурорлық қадағалаудың деңгейін көтеріп, профилактикалық жұмыстарды жандандыруға нақты шара көру ұсынылды. Сонымен қатар, алқа мәжілісінде сот орындаушылар мен уәкілетті органдар тарапынан жіберілген көптеген кемшіліктер айтылып өтті. Атап айтқанда, сот орындаушыларымен айыппұлдарды өндіру барысында атқарушылық іс-шаралар толығымен орындалмайтындығы, яғни борышкерлердің жұмыс орны анықталмаған, автокөліктеріне тоқтам салынбаған, борышкерлердің жауапкершіліктері шешілмеген және т.б.  Тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтарды жою, 15 лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау және 1 жеке сот орындаушының лицензиясын тоқтату туралы 13 ұсыныс енгізілген. Сонымен қатар, алқа мәжілісінде анықталған заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған шаралар қаралып, мүдделі органдардың өзара әрекеттестігін күшейтуге ұсынымдар берілді.

                                                                                              Жамбыл облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.