You are here

Кері (регресс) тәртібінде мемлекеттің мүддесіне қаржы өндіру бойынша жұмыс атқарылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Қала прокуратурасымен кері (регресс) тәртібінде мемлекеттің мүддесіне қаржы өндіру бойынша жұмыс атқарылды. Тараз қалалық сотының 27.06.2016 жылғы шешімімен  «Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ю.К.Салагаевтың 17.02.2016 жылғы №8 ж/қ  санды бұйрығы заңсыз деп танылып, мекеменің қызметкері А.М.Қасымбеков  бұрынғы жұмысына қайта орналасқан. Сот мемлекеттік мекемеден талапкердің пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына  299 172 теңге, 15 000 теңге көлемінде моральдық зиян және 6 174 теңге мемлекеттік баж өндірген. Яғни, басшы Ю.К.Салагаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 320 346 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Қала прокуратурасымен Азаматтық кодекстің 933-бабына сәйкес мемлекеттің мүддесі үшін талап арыз берілді, Тараз қалалық сотының 02.02.2017 жылғы шешімімен Ю.К.Салагаевтан мемлекеттің пайдасына 329 956 теңге кері (регресс) тәртібінде өндірілді.  Осыған тектес, прокурордың талап арызымен Тараз қалалық сотының 17.01.2017 жылғы шешімімен «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-нің бұрынғы басшысы Р.Байтелиевтен мемлекеттің пайдасына 202 501 теңге кері (регресс) тәртібінде өндірілді. Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелердің басшыларының кінәсінен мемлекеттен өндірілген 14 шешім бар, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, осы тектес талап арыздар сотқа дайындалуда.

Бөлім аға прокуроры Саурамбекова Е.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.