You are here

Алқа мәжілісі өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

  29 маусым 2016 жылы Жамбыл облысының прокуроры Е.М.Сыбанқұловтың төрағалығымен облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде 2015 жыл және 2016 жылдың өткен мерзімінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін халыққа көрсетудің заңдылығы, медициналық құрал-жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді сатып алу кезіндегі жұмсалған қаражаттардың тиімді жұмсалуына жүргізілген тексеру нәтижелері туралы алқа мәжілісі өтті. Облыс прокуроры атап өткендей, тексерумен азаматтарға медициналық көмекті тиісті дәрежеде көрсетпеу, дәрі-дәрмектерді және медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау, дәрілерді қажеттілікке сай бөлу және денсаулық сақтау қызметкерлеріне қосымша айлық төлеу бойынша көптеген бұзушылықтар анықталған. Атап айтсақ, Мерке ауданы дәрігерлерінің өз жұмысына немқұрайлықпен қарауынан, азаматша Ж. «туберкулез» диагнозы кеш қойылып, соның кесірінен  соңғы облыстық ауруханада қайтыс болған. Аталған дерек бойынша, құжаттар ішкі істер органдарымен тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу алды амалдары жүруде. Бұдан басқа, диспансерлік есепте тұрған азаматтарды тиісті түрде дәрілермен қамтамассыз етпегендері, медициналық құрал-жабдықтардың жұмыссыз тұру, мақсатсыз пайдалану және тиісті түрде жабдықталмау деректері анықталған. Мысалы, Жамбыл ауданында 5 азамат тиісті түрде дәрілермен қамтамассыз етілмесе, Талас ауданында 30-ға жуық құрал-жабдықтар мақсатсыз пайдалануда. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бөлінген мемлекет қаражаты талан-таражға салыну деректері анықталды. Атап айтқанда, Шу қалалық емханасының басшылығы өздерінің айлықтарына сараланған қосымша айлық ретінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасының келісімінсіз 10 млн. теңгеден астам қаражатты талан-таржға салған. Аталған дерек бойынша құжаттар тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, тергелуде. Сондай-ақ, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, дәрі-дәрмектерді сатып алу Жаңартылғанкезінде заң бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген деректеріде анықталды. Облыс прокуратурасы органдарының тексеру нәтижесімен, денсаулық сақтау ұйымдарына жалпы 24 ұсыныс енгізіліп, тәртіптік жауапкершілікке 12 тұлға, 20 астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 млн. теңгеге дәрілерді сатып алу тендері наразылықпен бұзылып, денсаулық сақтау мекемелерімен бюджеттен мақсатсыз жұмсалған дерек бойынша 2 құжат тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бюджетке 15 млн.теңге өндірілді.    

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.