You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44494
    Дата: 11.07.2018 14:20:14
    Аты-жөні: Сембеков Ермекбай
    Сұрақ:
    Сіздің назарыңызды мынадай жайтқа аударамын. Тараз қаласының қай базарына бармаңыз (Атакеттен басқа) көлік қоятын орынның барлығында ала таяқ ұстап, ақша жинап жүрген адамдарды көресіз.Әсіресе Ауыл береке және оның төңірегіндегі базарлардың барлығында жерді сыммен немесе бетон блоктармен қоршап, автотұрақ істеп алып ақша жинайды. Квитанция бермейтіндігі белгілі. Ақша бермесеңіз таяғымен көлігіңізді ұрып, өзіңізді балағаттайды. Бұл жерде Қазақстан Республикасының бірнеше заңы бұзылып отырғаны анық: заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, қоғамдық орында тиісу. Осы заң бұзушылыққа прокурорлық ден қою шараларын қолдануыңызды өтінемін.
    Жауап күні:
    20 шілде, 2018 - 20:38
    Жауап:
    Е.Сембековке Тараз қаласы Құрметті Сембеков Ермекбай! Қалалық прокуратурамен Сіздің Тараз қаласында орналасқан базарларының, оның ішінде «Ауыл Береке» базарының маңында көлік тұрағына қатысты жазған арызыңыз қаралды. Сіздің арызыңызда «Ауыл Береке» базарының маңындағы көлік тұрағы бойынша заңдылығын анықтау үшін Тараз қаласы әкімдігіне, Тараз қаласы ЖПҚ-не және Тараз қалалық МКБ-на жолданып заңсыздығы немесе заңдылығы анықталуда, қазіргі таңда қалалық прокуратурамен аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде. Анықталған мәліметтер бойынша қосымша хабарланады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғарғы тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Қала прокурорының м.а. Б.Телеу орын: Үсенғалиұлы С. тел:87028736666
  • Сұрақ №: 44299
    Дата: 03.07.2018 20:13:11
    Аты-жөні: Суйменбаев Талгат
    Сұрақ:
    Жамбыл облысының прокуроры ИА.Имановқа Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Т.М.Суйменбаевтан, ЖСН 710329300176, мекен жайы: Тараз қаласы, 4 м.а., 31 үй,22 пәтер, ұ.т.:8(705) 268 37 00 (сотталушыСултанбекұлы Руфаттың мүддесіне) А Р Ы З Тараз қаласы ҚАЖД ЖД 158/4 мекемесінде, 1986 жылы туылған Султанбекұлы Руфат жазасын өтеуде. 07.06.2018 жылы осы мекемеде қызмет жасайтын «ефрейтор» лауазымды Мырзаш Аман деген әскери қызметкері, Р.Султанбекұлына дөрекі сөздер айтып, жанды (жыныс) мүшесін қолымен қысып қинаған. Р.Султанбекұлы оның бұл әрекетіне наразы болған кезде, Мырзаш А. оны жаман сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Осы факті бойынша Р.Султанбекұлы 07.06.2018 жылы ҚАЖД ЖД 158/4 мекемесінің басшысы А.Ильясовқа арызданған. Ол арызды аталған мекеменің арнайы бөлім қызметкері Төлеген Асел сотталушыдан алып басшыға берген. Мекеме басшысы, яғни лауазымды қызметкер, аталған фактіні тексеріп, кінәлі қызметкерлерге тиісті шара қолданудың орнына, Р.Султанбекұлын шақырып алып, арызын қайтып алуын бұйырған. Осы, шеттен шыққан жағдайды сотталушының анасы Мойынқұм ауылының тұрғыны Айранбаева М.М. естіп, Сіздерге арыз жазғаннан кейін, тек 14.06.2018 жылы, Ильясов А. сотталушының арызын прокуратураға жолдаған. Сонымен қатар аталған мекеменің басшысының орынбасары А.Жақанбаев сотталушы Р.Султанбекұлына дөрекі сөздер айтып, ар-намысына тиген. ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімінің Әскери полиция бөлімшесінің бастығы А.Бегайдаровтың жауабы бойынша Мырзаш Аманға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр делінген, алайда қандай шара қолданылғаны, сонымен қатар А.Мырзаштың кінәсі дәлелденгені туралы ақпарат бермей отыр. Сонымен қатар Сіздердің тараптарыңыздан М.М.Айранбаеваның арызы бойынша ҚАЖД ЖД 158/4 мекеме басшысы А.Ильясовқа сотталушының арызын жасырып (жалтарып) қалғаны үшін және соның орынбасары А.Жақанбаевқа қандай шаралар қолданылғаны белгісіз. Осы жағдайларға куәгер болатын сол мекемеде жазасын өтеп жатқан Қаражанов С., Сулейманов О., Турмаганбетов С. және тағы басқалар. ҚР Қылмыстық атқару Кодексінің (әрі қарай Кодекс) 12 бабына сәйкес: 1.Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнген кезде, ол жазаны орындайтын мекеменің немесе органның кез келген қызметкеріне қатерді жою туралы өтінумен жазбаша немесе ауызша жүгінуге құқылы. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның қызметкері қатерді жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру және алып кету арқылы дереу шаралар қолдануға міндетті. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнгенін анықтаған кезде, олар мұны жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қолданады. Кодекстің 14 бабы бойынша: 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жолдаған шағынымдары жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Жазалардың өзге де түрлерiне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздерi жiбередi. 3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолдаған шағынымдары бақылауға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледi. Демек А.Ильясовтың тарапынан аталған Заңның кағидалары өрескел бұзылып, сотталушыға қарсы жасалған әрекеттер жасырын қалдыруға жол берілгені айқындалып отыр. Соның салдарынан аталған қызметкерлердің кінәларын анықтап, дереу жазалауға мүмкіндік болдырмаған. Менің адвокаттық сұраныс хатыма, 28.06.2018 жылы ҚАЖД ЖД 158/4 мекемесі Р.Султанбекұлына қатысты мінездеме берген, осы мінездеме бойынша соңғы жағымды мінезделеді, алайда мекеме басшылығының қаулысы бойынша оған бірінші дәрежелі теріс мінез-құлық дәрежесін айқындаған. Сонда қандай теріс қылық көрсеткені туралы анықталмаған. Кодекстің 132 бабы бойынша: 1. Сотталған адамға жазалау шараларын қолдану кезінде бұзушылықты жасаудың мән-жайы, сотталған адамның жеке басы және бұрынғы мінез-құлқы ескерiледi.2. Қолданылатын жазалау теріс қылықтың ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиiс. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, осы арыз бойынша тексеру жүргізіп, кінәлі қызметкерлерді анықтап, тиісті қатаң жаза беруіңізді өтінеміз. Осы арызға қосарымыз Сіздердің мекеме қызметкерлері Р.Султанбекұлына келіп, үстіртін тексеріп, осы күнге дейін тиісті шара қолданбағандары туралы есерктеміз. Адвокат:- Суйменбаев Т.М.
    Жауап күні:
    20 шілде, 2018 - 14:00
    Жауап:
    ответ Суйменбаева
  • Сұрақ №: 44298
    Дата: 03.07.2018 20:08:00
    Аты-жөні: Суйменбаев Талгат
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза, мен алдында Сіздерге ҚР ҚК-нің 188 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен айыпталып іздеу жарияланған К.Т.Кожамкулов бойынша арыз жазған болатынмын. Кейін Сіздер арызды аудандық полиция бөліміне жолдағандарыңыз туралы хабарлама жібердіңіздер. Алайда бүгінгі таңы не Сіздерден не полиция бөлімінің қызметкерлерінен мен жазған арыз бойынша қандай шешім қабылданатыны туралы жауап түскен жоқ. Осыған байланысты арыз бойынша шешімнің жауабын жіберуіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    9 шілде, 2018 - 16:44
    Жауап:
    Ответ на обращение Суйменбаева Т.
  • Сұрақ №: 44297
    Дата: 03.07.2018 20:07:11
    Аты-жөні: Суйменбаев Талгат
    Сұрақ:
    Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Т.М.Суйменбаевтан, ЖСН 710329300176, мекен жайы: Тараз қаласы, 4 м.а., 31 үй,22 пәтер, ұ.т.:8(705) 268 37 00 (Кожамкулов Кайрат Тансыкбаевичтің мүддесіне) Құрметті прокурор мырза, мен алдында Сіздерге ҚР ҚК-нің 188 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен айыпталып іздеу жарияланған К.Т.Кожамкулов бойынша арыз жазған болатынмын. Кейін Сіздер арызды аудандық полиция бөліміне жолдағандарыңыз туралы хабарлама жібердіңіздер. Алайда бүгінгі таңы не Сіздерден не полиция бөлімінің қызметкерлерінен мен жазған арыз бойынша қандай шешім қабылданатыны туралы жауап түскен жоқ. Осыған байланысты арыз бойынша шешімнің жауабын жіберуіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    4 шілде, 2018 - 16:45
    Жауап:
    Т.Суйменбаевқа 4-ші мөлтек ауданы, 31 үй, 22 пәтер тұрғыны, Тараз қаласы Құрметті Талгат Мухажанович! Сіздің, Бас Прокурордың блогына ҚК-тің 188 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен күдіктеніп іздеу жарияланған Қ.Қожамкулов бойынша жазған арыздарыңызға осы күнге дейін жауап алмағаныңыз туралы өтінішіңіз аудан прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, 19.04.2018 жылы аудан прокуратурасына Сіздің қорғауыңыздағы Қ.Қожамкуловқа қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы арызыңыз түскен. 20.04.2018 жылы аудан прокуратурасымен аталған арызыңыз аудандық ІІБ-не негізінен қарап, заңмен белгіленген мерзімде Сізге жауап беру қажеттігі тапсырылған. 23.04.2018 жылы Сарысу аудандық ІІБ-нің бастығы К.Капаровпен Сіздің арызыңыз қаралып, нәтижесі бойынша осы күні №4-4-4-36/ЖТ-С-39 санды шығыспен жауап берілген. Сондықтан, прокурорлық шара көруге негіз жоқ. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокуратураға шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 7 бабының талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей екендігін түсіндіремін. Тіркемеде: жауаптар 2 парақта. Аудан прокуроры А.Әбілдаев  Қойшыбаев Қ. тел.6-15-03
  • Сұрақ №: 42284
    Дата: 23.04.2018 18:00:12
    Аты-жөні: Әбітаева Ғалия
    Сұрақ:
    Семинарға шақыру Құрметті Шу ауданаралық прокуроры Бердіқұлов Жандос Бибосынұлы! Сізді, Шу ауданы-Шу қаласы icкер әйелдер кеңесінің басшылығының ұйымдастыруымен өз кәсібін ашу,ары карай кәсібін өсiру және кәсіпкерлерді қолдау,әрі пiкiр алмасу мақсатында ұйымдастырылып өткізгелі отырған"Әйел және Бизнес" - атты кең ауқымды семинар кеңесінің қонағы болуыңызға шақырамын. Өткізілетін орны: Төле би ауылы. Төле би көшесі. Орталықта орналасқан "Астана" мейрамханасы. Өткізілетін уақыты: Бейсенбі 26.04.2018 жылы сағат 9.30 тiркелуі - 10.00 басталуы; Шақырушы: Сізге деген аса құрметпен, «Компания «Мар-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшы-директоры.«Шу ауданы заңды тұлғалар Қауымдастығы»заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Ғалия Әділқызы Әбітаева.
    Жауап күні:
    4 мамыр, 2018 - 11:43
    Жауап:
    Құрметті Ғалия Әділқызы! Семинар кеңесіне шақыруды алдық. Оған алғысымызды білдіреміз!!! Өкінішке орай, 26.04.2018 жылы облыс орталығында мәжіліс жоспарлағанына байланысты, қатысуға мүмкіндік жоқ. Өз кезегінде, аудан прокуратурасы бастамаларыңызды қолдай отыра, әрдайым, бірлесіп жұмыс атқаруға, оның ішінде кәсіпкерлердің құқығын сақтауға үлес қосатындығына дайын екендігін білдіреді. Істеріңізге сәттілік тілейміз. Құрметпен Шу ауданаралық прокуроры Ж. Бердіқұлов орын. Сейсебаева А. 726 38 /31049/

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.